Астанада ойын-сауықтың жаңа түрі – бұқамен күрес пайда болды

Фотография - Астанада ойын-сауықтың жаңа түрі – бұқамен күрес пайда болды

Астанада көңіл көтерудің кезекті жаңаша түрі пайда болды.

380 0

Астанада көңіл көтерудің кезекті жаңаша түрі пайда болды. Еріктілер мен байырғы спортшылардың бұқамен айқасуы арқылы жалпының көңілін көтеру шарасы Ақмола облысындағы фермалардың бірінде ұйымдастырылып келеді.

Қатысушыға қойылатын талап қарапайым ғана. Айқас барысында бұқаны жеңуі керек. Ал оны өлтіру шарт емес. Шара ұйымдастырушыларының бірі Руслан есімді азаматтың айтуынша, елде көптеген кәсіпкерлер кезінде жекпе-жекпен айналысқаны белгілі.

- Тіпті, біздің компаниямызда бұрын каратэмен айналысқан кісімен бәстесіп қалдық. «Жалаңаш қолыммен бұқаның мүйізін сындырамын» дегенін іс жүзінде дәлелдеуіне бәс тігетіндер де табыла кеткен болатын, - дейді ол.

Бір қызығы мұндай сауық көрермендерінің басым бөлігін сол баяғы спортшылар құрайтын көрінеді. Айқасқа қатысушылардың қаржысына сатып алынған жануарды жерге құлатқан кезде немесе оның бір мүйізін сындырған сәтте жеңімпаз деп танылады. Жеңілмеген бұқа фермаға кері қайтарылады.

Ал айқасуға шығатын бұқалар іріктеліп алынатын көрінеді. Жуас бұқаға қарағанда, «бұзықтау» бұқа, яғни жабайылығы басым өгіз қызықты өнер көрсетеді-міс.

Бүгінге дейін өткізілген турнирлердің ішінде бар-жоғы екі рет мүйіз сындырылған. Қатысушылардың көпшілігі бұқаның мойнын қайырып, арқасымен жығып құлату арқылы жеңіске қол жеткізіп келеді екен.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!