Алматыда Домбыра-пати» өтеді"

Фотография - Алматыда Домбыра-пати» өтеді"

Сейсенбі күні кешкі сағат 19:00-де Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументтың жанында өнерлі жастар Dombira Party ұйымдастырмақ.

189 0

Сейсенбі күні кешкі сағат 19:00-де Алматыда Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументтың жанында өнерлі жастар Dombira Party ұйымдастырмақ. Оған Америкаға домбыра алдырып, ешкімнің көмегінсіз домбыра шертуді үйренген АҚШ азаматы Джон Майкл Пенелло қатысады.

«Қызықты шарада өнерлі, домбырашы жастар ән салып, күй шертіп жиналған көпшілікке өнер көрсетеді. Қазақтың қара өлеңін сағынып жүргендерге арналған ән-күй тегін. Ашық аспан астында өткізілетін шара болғандықтан тек жаңбыр жауып кетпесе болғаны» дейді ұйымдастырушылар жетекшісі Нұржол Табиғат.

Блогшы жастар өздерінің флешмобын интернетте тікелей көрсетуді қолға алмақ.

«Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақ өнерін насихаттау. Ұмытыла бастаған игі дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру» деп жазады ұйымдастырушылар.

Домбыра тарту - былтыр жазда Астанадан бастау алған. Оны бір топ өнерлі әрі белсенді, блогшы жастар, өздерін «керекшілерміз» дейтін kerekinfo.kz сайтының белсенділерінің бастамасымен өткен еді. Кейінен еліміздің барлық қалаларындағы жастардан қолдау тауып ұдайы өткізіліп келеді.

Джон Майкл Пенелло -  бірнеше музыкалық аспапты, оның ішінде көптеген халықтардың ұлттық аспаптарында еркін ойнауды меңгерген музыкант. Домбыраны Америкаға алдырып өз бетінше үйренген. Күйлер шертеді. Қазіргі таңда ол музыкалық мектепте гитара және фортепианодан сабақ береді. Сондай-ақ гитара техникасы бойынша оқулық жазумен айналысады.

Ертең Шымкент қаласында да кешке 20:00-де «Тәуелсіздік» саябағында Шымкент қаласының блогшылары  «Домбыра-пати» өткізеді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!