«Арманыңа жақында» футбол турнирінің жеңімпаздары Барселонаға саяхат жасайды

Фотография - «Арманыңа жақында» футбол турнирінің жеңімпаздары Барселонаға саяхат жасайды

Бүгін Алматыда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында футболдан «Арманыңа жақында» республикалық турнирі өтеді.

187 0

Бүгін Алматыда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында футболдан «Арманыңа жақында» республикалық турнирі өтеді.

Бұл бәсекені «Нұр Отан» ХДП, Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқықтарын қорғау комитеті және турнирға қатысушы облыстар мен қалалар әкімшіліктерінің қолдауымен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отыр.

   Балалар үйлерінің 11 мен 16 жас аралығындағы тәрбиеленушілері  арасындағы аталмыш жарысқа Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтау, Атырау қалалары мен   Ақмола, Қостанай, Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан  облыстарынан 18 команда қатыспақ. Ал үздік шыққан команда Испанияның Барселона қаласына саяхат жасауға мүмкіндік алады.

  Жалпы қазіргі таңда Қазақстанда 16 мыңнан астам жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар бар. «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастырып отырған бұл жоба балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, болашаққа деген сенімін  нығайтады.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!