Көші-қон мәселесі қашан шешілмек?

Фотография - Көші-қон мәселесі қашан шешілмек?

Жақында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Төрағасы А.Сарбазовпен кездесті

189 0

Жақында Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Астана қаласында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің Төрағасы А.Сарбазовпен кездесті. Бұл туралы ДҚҚ сайты хабарлап отыр. 

Кездесу барысында, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы тарапынан шетелде жүрген қандастарымыздың елге оралу мәселесі сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанынан құрылған Комитетте бүгінде бар-жоғы 9 адам жұмыс жасайтын көрінеді. Дәл осындай департамент, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде де құрылған. Қазіргі таңда, шетелдегі отандастар мәселесі аталған екі министрліктегі қос комитеттің нақты қайсысының құзырында екені белгісіз.

Естеріңізге салсақ, биыл отандастарымыздың елге оралуы үшін 10 мың квота бөлінген болатын. Алайда, қандастарымызға берілетін қаржы қос министрлікте де қарастырылмаған сыңайлы. Осығай орай, ДҚҚ Төралқа Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Асылұлы Президиум мүшесі С.Балғабаевқа аталған мәселеге байланысты министрліктерге хат жолдауын тапсырды.


Тегтер:

тіл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!