Көктемгі әскерге шақырылушылардың алғашқы легі аттанды

Фотография - Көктемгі әскерге шақырылушылардың алғашқы легі аттанды

Батыс Қазақстан облысынан көктемгі әскерге шақырылушылардың алғашқы легі аттанды

182 0

Батыс Қазақстан облысынан көктемгі әскерге шақырылушылардың алғашқы легі аттанды. Бұл жайында Zhaikpress.kz хабарлап отыр.

Алдымен 20 сарбаз Ақтау теңіз шекара жасағында әскери міндетін өтеуге жол тартса, одан кейін Астана қаласындағы ішкі әскерге 35 жас сапар шекті.

БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді жинау және шақыру басқармасы шақыру бөлімінің бастығы, подполковник Қалеш Хангелдиевтің сөзіне қарағанда, ҚР Қорғаныс министрлігі БҚО-ға биылғы көктемде 900 сарбазға тапсырыс берген. Отан алдындағы борышын өтеуге тиісті жастар саны аз емес. Ең алдымен денсаулығы жақсы, бойы 165 сантиметрден кем емес жігіттерге жол ашық. Сондай-ақ іріктеуде жоғары білімді немесе арнаулы орта білімі барларға басымдық беріледі.

Сонымен қатар, Қарулы күштер қатарына түрлі себеппен ілінбеген жастар ақылы түрде арнайы курстан өтіп, әскери билетке қол жеткізе алады. Оған 22-27 жас аралығындағы ер азаматтар алынуда. Ақылы әскери курстың оқу-жаттығуына «Әскери қызмет пен әскерилер мәртебесі» заңына енгізілген өзгертулерге сәйкес 30 күн белгіленген, төлемақы көлемі - 210 мың теңге. «Әскери-техникалық мектеп» РМҚК филиалында бір ай бойы теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастырып, оқу-жаттығудан кейін сынақтан өткен жастарға әскери билет беріліп, әскери міндеттілер ретінде есепке алынады.

Көктемгі әскерге шақыру маусымы жылдағыдай маусым айының соңына дейін жалғасады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!