Астана ардагерлері енді қоқыс шығару үшін ақы төлемейді

Фотография - Астана ардагерлері енді қоқыс шығару үшін ақы төлемейді

деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты 

200 0

 Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер үшін қоқыс шығару қызметі енді тегін көрсетіледі деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты 

«Астана-Тазарту» ЖШС» 2013 жылдың 1 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілгендер үшін ҚТҚ үшін алынатын ақы төлеуден босатылғанын хабарлаймыз. Бұдан былай ардагерлерге осы бағытта тегін қызмет көрсетіледі», - деләнген хабарламада.

Сонымен қатар, компания І және ІІ топтағы мүгедектерге ҚТҚ шығаруға ақы төлеуде дифференцирленген жеңілдіктер қарастырады.

Қосымша ақпараттар алып,растайтын құжаттарды ұсыну үшін «Астана-Тазарту» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс бөліміне жолығуыңызға болады. Қалалық мәслихаттың бекітілген шешіміне байланысты Астанада қоқыс шығару қызмет ақысы 2013 жылдың 10 ақпанынан бастап:

- барлық жағдайы бар үйлерде тұратын тұрғындар үшін айына бір адамға – 259,20 теңге;

- барлық жағдайы жоқ үйлерде тұратын тұрғында үшін бір адамға айына – 276 теңге болып бекітілді.

Айту керек, Астанада тұратын барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері пәтермен қамтылған. Оларға ақшалай дәрі-дәрмектер алу, аибулаториялық емделуі үшін әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүріп, санаториялық-курорттық емделулерге, тіс протезін салуға, коммуналдық қызметтер мен және де басқа қызметтер ақысыз көрсетіледі. Сондай-ақ, олар мереке күндері мен атаулы мейрамдарда бірреттік ақшалай көмек алады. 


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!