Есілде құбыжық-балықтар пайда болды

Фотография - Есілде құбыжық-балықтар пайда болды

Астаналық балық аулаушылар дабыл қағуда. Олардың айтуына қарағанда, Есілде жыланбас балық пайда болыпты. 

243 0

Астаналық балық аулаушылар дабыл қағуда. Олардың айтуына қарағанда, Есілде жыланбас балық пайда болыпты. 

Қырық жылдық тәжірибесі бар балықшы Сергей Ерофеевтің пайымдауынша, Есілге жыланбас балықтарды алдыңғы жылдың күз айларында жіберіпті.

«Егер балық шын мәнінде Есілде пайда болған болса, жағдай қиындайтыны сөзсіз. Жыланбас балық үлкенді-кішілі балықтардың барлығын азық етеді. Тіпті бірін-бірі жеуге дейін барады»,-деп отыр Ерофеев.

Балықшының бұл сөздерін ихтиолог Вадим Резняк та қолдады. Ол жыланбас балықтардың өздеріне әдетті емес су қоймаларына жиі өтіп кететінін алға тартты.

«АҚШ балықтарды түгелдей жеп бітірген жыланбас балықтардан құтылудың жолын таба алмай дал болуда. Сондықтан Есілге жіберілген балықтарды экожүйемізден тез арада шығаруға бағытталған жұмыстарды қазірден бастауымыз керек»,-деп толықтырды ихтиолог.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!