Қызылорда облысында соңғы үш жылда 62 балабақша ашылған

Фотография - Қызылорда облысында соңғы үш жылда 62 балабақша ашылған

Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Ерташева хабарлады.

169 0

Қызылорда облысында соңғы үш жылда 62 балабақша ашылған. Бұл туралы облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Құралай Ерташева хабарлады.

«Пайдалануға берілген 62 балабақшаның 43-і жекеменшік, бұған қоса соңғы үш жылда аймақта мектепке дейінгі тәрбиемен қамтитын 105 шағын орталық ашылды. Типтік болғанымен артықшылықтары бар жобалар ұсынылды. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлерді бірінші қабатында кәсіпкерлер 110 орындық 2 жекеменшік балабақша ашты, 38 бүлдіршін отбасылық балабақшада тәрбиеленуде», - деді ол.

«Ғимараттарды коммуналдық меншікке беру нәтижесінде 430 орындық 8 балабақша іске қосылды. Облыста мемлекеттік-жекеменшіктік әріптестік белсенді дамып келеді. Республикада жекеменшік мектепке дейінгі мекемелер үлесі 17% болса, Арал маңында бұл көрсеткіш - 39,2%. Қазіргі таңда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуы 77,4% құрап отыр»,-деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мектеп

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!