Әйел өзін сүйреген көлік жүргізушісіне "кінә артпады"

Фотография - Әйел өзін сүйреген көлік жүргізушісіне "кінә артпады"

YouTube-те де жарияланған бұл видео көліктің видео регистраторына түсірілген.

161 0

16 сәуірде Facebook желісінде Алматы көшелерінің бірінде әйел адамды сүйретіп бара жатқан көлік жайлы видео пайда болған еді. Бүгін Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз қызметі ол әйелдің өзін сүйреген көлік жүргізушісіне "кінә артпайтынын" хабарлады.

ІІД баспасөз қызметінің дерегінше, "жүргізуші мен сүйретілген әйел оқиға болар алдында жанжалдасып қалған". Бірақ әйел жүргізушінің үстінен "ешқандай шағым түсірмегендіктен" полицейлер оны босатқан.

YouTube-те де жарияланған бұл видео көліктің видео регистраторына түсірілген.

Онда Алматы көшелерінің бірінде кетіп бара жатқан 187 АE 02 нөмірлі Daewoo Nexia көлігінің артында әйел адам сүйретіліп бара жатқаны бейнеленген. Әйелді біреудің байлағаны не өзі жармасып алғаны видеодан байқалмайды. Бағдаршамға тоқтаған көлікке ішкі әскер патрулі мен өзге көліктердің жүргізушілері келіп, есігін ашуға әрекет етеді. Видеодағы әйел адамның айқайлаған дауысы естіледі.

Бұған дейін ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұрділдә Ораз Азаттық тілшісіне "көліктің транпорттық қызмет көрсететін мекемеге қатысты екенін, көлік иесінің іздестіріліп жатқанын" хабарлаған еді.

Роликтің иесі алматылық Бегалы Шібекеев Азаттық тілшісіне "оқиға Абай көшесінің бойында, Алтынсарин көшесіне жетер тұста болғанын" айтқан.

Оның сөзінше, оқиға наурыз айының басында болған, әйелдің қандай да бір жарақат алғанын байқамаған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!