Қазақ қызының бет терісін ауыстыру отасы сәтті өтті

Фотография - Қазақ қызының бет терісін ауыстыру отасы сәтті өтті

Бұл туралы Алматыда Қазақстан хирургтерінің IV конгресінің аясында өткен баспасөз мәжілісі барысында Италиядан келген микрохирург Сальвадоре Д’арпе мәлім етті.

465 0

31 жасар Миргүл Тұяқбаеваның бет терісін ауыстыру отасы сәтті өтті. Бұл туралы Алматыда Қазақстан хирургтерінің IV конгресінің аясында өткен баспасөз мәжілісі барысында Италиядан келген микрохирург Сальвадоре Д’арпе мәлім етті.

«Кеше біз бет терісін ауыстыру бойынша күрделі операция өткіздік. Қыз бала оған дейін бетіне 5 рет операция жасатқан екен, олардың бәрі қыздың басына түскен жайды шешпек түгілі, жағдайды тым ушықтырып жіберген. Біз жүргізген операция 8 сағатқа созылды. Біз оның жарты беті мен мойын тұсын қалпына келтірдік. Қазір ол оянды, өзін жақсы сезінетіндігін айтты. Тамақ іше бастады, алайда ол бірнеше күш бойы жеңіл диета ұстануы тиіс. Оның қуанышында шек жоқ», - дейді ота жасаған микрохирург Д'арпе.

Сондай-ақ италиялық доктор хирургтер конгрессі жайлы өз ойын ортаға салды.

«Мен мастер-класс барысында беттің бір бөлігін келесі бөлігіне жабыстыру техникасын көрсетуге тырыстым. Бұл техниканы басқа да ота жасау барысында, оның ішінде көзге ота жасау кезінде қолдануға болады. Және ол кез келген қазақстандық дәрігердің қолынан келеріне сенімдімін», - деді микрохирург.

Италиялық дәрігердің пікірінше, қазақстандық хирургияны ақсатып тұрғаны микрохирургтердің жеткіліксіздігі. Миргүл Тұяқбаеваға жасалған 5 сәтсіз операция қазақстандың дәрігерлерлің біліксіздігінің көрсеткіші емес дейді шетелдік маман.

«Мен көптеген елдерде қызмет істедім. Сондықтан егер кімде-кім қателессе, ол оның біліксіздігі емес, адам қателеспей тұрмайды. Ол өте күрделі операция. Ол азаматшаға бірінші рет операция жасаған доктор шын ниетімен оған көмектескісі келді деп білемін. Егер доктордың операциясы сәтсіз өтсе, оны бірден жаман маман немесе біліксіз екен деп ысырып тастауға болмайды», - деп түйді С. Д'арпе.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 31 жасар Миргүл Тұяқбаеваға бет пен мойын терісін ауыстыру отасы жасалған болатын. Қарағанды облысының тұрғыны 4 айлық сәби кезінде қатты күйіп қалған екен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

аурухана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!