2013 жылы Астанада 17-ге тарта көше жөнделеді

Фотография - 2013 жылы Астанада 17-ге тарта көше жөнделеді

Биылғы жылы қала билігі қаланың ескі бөлігіндегі және оған қосылған тұрғын үй алабындағы көшелерді жөндеуге баса назар аударып отыр.

137 0

Көктем келісімен Астанада жол-құрылыс жұмыстары басталады. Биылғы жылы қала билігі қаланың ескі бөлігіндегі және оған қосылған тұрғын үй алабындағы көшелерді жөндеуге баса назар аударып отыр.

«Осы маусымда 115 шақырым жолға жөндеу жүргізіп, оның ішінде 40 шақырым жолды жаңадан салып,  - 35,6 км жаңалап; 17 км жөндеу жоспарлануда. Сондай-ақ, тұрғын үй алаптарына тартылған 21,8 км жол бөлігі аяқталады», - деп хабарлайды Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы.

Қаланың ескі бөлігінде орналасқан барлығы 17-ге тарта көшені жөндеу жоспарланған.

2013 жылы «ескі қаладағы» негізгі үш көшені: Есенберлин к-сі  (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік к-сіне дейін), Мәскеу (Жеңіс даңғылынан Әуезов к-сіне дейін), Жангелдин к-сі (Жеңіс даңғылынан Бейбітшілік к-сіне дейін)  жөндеу көзделген.

Сонымен қатар, 4 көше қиылысында жол қозғалысын жеңілдету үшін оң жаққа  айналып жүретін жолдар салынады. Олар: Республика даңғылы - Абай көшесі,  Республика даңғ. - Кенесары к-сі, Сарыарқа даңғ. - Кенесары к-сі және Бөгенбай даңғ. - Уәлиханов к-сі.

Жалпы ұзындығы 35 км. кіші көлік айналма жолының құрылысы жалғасуда. Оның 17 шақырымы салынып бітті. Биыл тағы 6 шақырым салынады. Жұмысты алдағы екі жылда толық аяқтау жоспарлануда. Осы жоба аясында  Бейсекова к-сі мен Қорғалжын тас жолын Тілендиев даңғылына дейін жөндеу жүзеге асырылады.  Бұл учаскеде 360 саяжай мен 800-ге тарта гараж орналасқан. Қазіргі кезде осы жерде жұмыстар басталып кетті.

Тұтастай алғанда, Астанада «ЕХРО-2017» көрмесін өткізетін уақытқа дейін 335 км жол салынатын болады. Сондай-ақ, Тельман кентінде Есіл өзені арқылы өтетін 2 көпір салынады.  


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!