Астана су арнасы сенбілікке арнайы техникалар бөледі

Фотография - Астана су арнасы сенбілікке арнайы техникалар бөледі

20 сәуірде экологиялық айлық аясында өтетін Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жалпықалалық сенбілігіне қалалық Су арнасы мекемесінің қызметкерлері белсене атсалыспақ

322 0

20 сәуірде экологиялық айлық аясында өтетін Астана қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жалпықалалық сенбілігіне қалалық Су арнасы мекемесінің қызметкерлері белсене атсалыспақ. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

«Коммуналдық сенбілікке су арнасының барлығы мыңнан астам қызметкері шығады. Айтулы шараға көмек ертінде мамандандырылған арнайы техникалар, атап айтқанда: 12 жүк көлігі, 6 тиеу машинасы және 6 трактор бөлінеді» деп айтылған аталған хабарламада.

Сенбілік кезінде «Астана су арнасы» МКК қызметкерлері Абай даңғылы, Циолковский, Кенесары және М. Ломоносов көшелерінің бойындағы күл-қоқыстарды тазалап, сыпыруды жоспарлауда.

Қалалық су арнасы кәсіпорының қызметкерлері экологиялық сенбілікке үнемі белсене қатысатындығын атап айтқан жөн. Олар өздері тұрып, жұмыс істейтін аумақтың инженерлік коммуникацияларын, кәріздерін тұрақты бақылауда ұстап, жиналып қалған қоқыстарды жүйелі тазалап отырады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!