Қостанайда ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Фотография - Қостанайда ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қостанайда ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесіне соңғы әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Шара ертең қаланың қақ ортасында- Сити-орталық алаңында ашылады

195 0

Қостанайда ірі ауылшаруашылық жәрмеңкесіне соңғы әзірлік жұмыстары жүргізілуде. Шара ертең қаланың қақ ортасында- Сити-орталық алаңында ашылады.

Жәрмеңкені ұйымдастырушы - Қостанай қалалық ауыл шаруашылығы және азық-түлік бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, сатып алушыларға нарықтағыдан арзан бағамен тауарлардың алуан түрі ұсынылатын болады. Негізінен сауда сөрелеріне үстеме бағасыз жергілікті өндірушілердің өнімдері қойылады.

Жалпы жәрмеңкеде 85 тонна өнім саудаланады деп күтілуде. Оның ішінде ет, жұмыртқа, сүт және жарма өнімдері, көкөністер мен жемістер бар. Сатушылар мен тұтынушыларға қолайлы болу үшін Сити-орталықта арнайы сауда орындары орнатылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!