Алматыда ІІІ Халықаралық студенттер форумы өтіп жатыр

Фотография - Алматыда ІІІ Халықаралық студенттер форумы өтіп жатыр

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде «Жасыл көпір - ұрпақтан-ұрпаққа» деген тақырыппен  ІІІ Халықаралық студенттер форумы өтіп жатыр

287 0

Бүгін Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетінде «Жасыл көпір - ұрпақтан-ұрпаққа» деген тақырыппен  ІІІ Халықаралық студенттер форумы өтіп жатыр.

Екі күнге созылатын бұл шараны университеттің жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі «Нұр Отан» ХДП  «Жас Отан» жастар қанатымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін форум  ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық энергоэкологиялық стратегиясы мен «Жасыл көпір» жобасын талқылауға арналған. Ол студенттерді «жасыл экономика» үрдістерін жүзеге асыру жұмыстарына шақыру, экологиялық бастамаларды алға тарту саласындағы студенттік ұйымдардың өзара тәжірибе  мен қарым-қатынас орнатудағы пікір алмасу алаңы болып отыр.

Жиынға жастар саясаты, энергоэкология және табиғаттану саласындағы қайраткерлер, жас зерттеушілер мен Қазақстан, Қырғызстан Қытай, Ресей, Корея, Жапония, Франция, Португалия, Украина және Ауғанстан елдерінің студенттері мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!