Алматыдағы студенттік жатақханалардың жағдайы сын көтермейді

Фотография - Алматыдағы студенттік жатақханалардың жағдайы сын көтермейді

Алматы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен қалалық маслихат депутаттары студенттік жатақханалардағы тұрмыстық мәселелерді шешуге тырыспаған ЖОО басшыларының немқұрайлылығын айтып, алаңдаушылықтарын жасырмады

166 0

Алматы Ішкі істер басқармасының қызметкерлері мен қалалық маслихат депутаттары студенттік жатақханалардағы тұрмыстық мәселелерді шешуге тырыспаған ЖОО басшыларының немқұрайлылығын айтып, алаңдаушылықтарын жасырмады. Бұл туралы Алматы ІІБ баспасөз-қызметі хабарлап отыр. 

«Рейд барысында студенттік жатақаналардың бірқатарында тамақ пісіретін газ плита мен қол жуғыштардың жоқ екені анықталды. Шомылатын бөлмелері бар болғанымен, көбі жұмыс істемейді. Жуыну үшін кезекке тұру мәселесі тағы бар. Осыған байланысты қала әкімі ЖОО басшыларына бұл мәселені жақын арада бір жақты қылуды талап етті»,-деп түсіндірді жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы Санжар Боқаев.


«Санитарлы-тұрмыстық талаптарға сай келетін бірең –сараң жатақханалардың бары да жасырын емес»,-деп қосты ол.


Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 8-інде студенттер жатақханасында жастар саясаты жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен рейд жұмыстары өткен болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!