Атырау полицейлері браконьерлер өндірген 4 келі қара уылдырық тәркіледі

Фотография - Атырау полицейлері браконьерлер өндірген 4 келі қара уылдырық тәркіледі

Осы жылы Атырау полицейлері браконьерлер өндірген қара уылдырықты алғаш рет тәркіледі. Салмағы 4 келіні құраған аса бағалы өнім «Бекіре-2013» жедел алдын алу шарасы барысында Дамба қаламаңы ауылының тұрғынынан алынды

269 0

Осы жылы Атырау полицейлері браконьерлер өндірген қара уылдырықты алғаш рет тәркіледі. Салмағы 4 келіні құраған аса бағалы өнім «Бекіре-2013» жедел алдын алу шарасы барысында Дамба қаламаңы ауылының тұрғынынан алынды.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарланғандай, су полициясы қызметкерлері 42 жастағы әйелді үйінен шығып бара жатқан жерінен ұстаған. Ол уылдырықты белгісіз адамдардан отбасылық салтанатты шараға сатып алғандығын айтып отыр.

Бұл Атырауда келісі мың доллардан асатын қара уылдырықтың жедел мәліметтерде алғаш рет тіркелуі. Бұған дейінгі жылдары полиция қызметкерлері бір тоннадан астам қара уылдырық өндіретін браконьерлерді тұтқындайтын еді. Бекіре тұқымдас балық қала ортасынан өтетін Жайық өзенінен еркін ауланатын. Ал соңғы жылдары бекіре балығы өзеннің қала аумағында кездескен емес.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!