Астанадағы жалпықалалық сенбiлiкке 80 мыңнан астам адам қатысуда

Фотография - Астанадағы жалпықалалық сенбiлiкке 80 мыңнан астам адам қатысуда

Астанада қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен дәстүрлi жалпықалалық сенбiлiк өтуде

227 0

Астанада қала әкiмi Иманғали Тасмағамбетовтың қатысуымен дәстүрлi жалпықалалық сенбiлiк өтуде.

Сенбiлiк барысында елордада көше және саябақтарды абаттандыру, қоқыстардан тазарту және көгалдандыру жұмыстарын жүргiзiп, ескерткiштер мен алаң маңын жөнге келтiру жоспарлануда.   Оған шамамен 80 мың адам қатысуда.

Сонымен қатар жалпықалалық экологиялық сенбiлiк аясында, "Астана-Зеленстрой" АҚ-мен бiрге 2500 түрлi ағаш көшеттерiн отырғызу көзделген.

Оқушылар Ұлы Отан соғысы ардагерлерiмен бiрге елорданың бiрқатар ескерткiш пен монументтер орналасқан аумақты қоқыстардан тазартып, абаттандыру акциясын өткiзуде. Шара 5 нысанды қамтитын болады: Әлия Молдағұлова ескерткiшi, Отан қорғаушылар алаңы мен монументi, Отан қорғаушы жауынгерлер жерленген жер және Бауыржан Момышұлының ескерткiшi. Ол жерлерде гүлдер мен көшеттер отырғызылады, ескерткiштер мен монумент плиталары жуылып, маңы қоқыстардан тазартылады.

Еске сала кетейiк, Астанадағы жалпықалалық сенбiлiк 10 сәуiр мен 10 мамыр аралығында өтiп жатқан экологиялық айлық аясында өткiзiлуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!