Елордалықтар сенбілікке жаппай жұмылды

Фотография - Елордалықтар сенбілікке жаппай жұмылды

Қала тазалығы әрбір тұрғын үшін маңызды

187 0

Қала әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың өзі бастап таңертеңнен қамданған аудан әкімдіктері, қалалық департамент, басқарма басшылары мен қызметкерлері, елорда тұрғындары ағаш отырғызып, аулаларды қоқыстан тазартып, санитарлық және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлады қаланың ресми сайты.

«Көктемде өткізілетін сенбілік күзгі сенбіліктерге қарағанда өте маңызды. Өйткені көктемде атқарылатын шаруа өте көп. Биыл қардың қалың түсуіне орай, жұмыс та екі еселенді. Біз бірінші кезекте Санэпидқадағалау департаментімен жоспарлы жұмыс істеп, қоқыс көп шоғырланған жерлерді тазартуды негізге алдық. Арнайы сенбілікке 300 техника жұмылдырылды. Бір қуантатыны, тұрғындар мәдениеті жоғарылап, тазалық сақтауға дағдыланып келеді», дейді Астана қаласы әкімінің орынбасары Василий Крылов.

Қала тазалығы әрбір тұрғын үшін маңызды. Сондықтан бас қаланың көркін кіргізуге үлкен-кіші демей халық жаппай жұмылды. Нақты айтсақ, биыл сенбілікке шамамен 80 000-ға жуық адам қатысып, 2500 ағаш отырғызылды. Бұл жолғы сенбілікте ағаш-бұталы көшет түрлері отырғызылып, 1059 текше метр топырақ, 429 текше метр құм, 3,5 тонна әктас пен 5600 полиэтиленді қап жұмсалды.

«Елбасы астананы көшірерде жаңа астанада саябақ, гүлзарлар көбейеді деген еді. Міне, қаланың гүлденуіне біз де өз үлесімізді қосып жатырмыз. Алғашқыда оң жағалауға ағаштар отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізсек, енді сол жағалауды көркейтуге атсалысып жатырмыз», дейді   Президент Әкімшілігі жалпы бөлімінің меңгерушісі Мірболат Жақыпов.

Экологиялық айлық аясында өткізілген шараға Алматы ауданынан 11 000-нан астам адам қатысқан. Соның ішінде 611 мекеме, 92 ПИК. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыруда 41 жүк көлігі, 20 жүк тиеу техникасы жұмылдырылып, 320 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Ал, Есіл ауданына қарасты Тұран даңғылы бойына 1000 ағаш,  Сарыарқа ауданына қарасты Тілендиев даңғылының бойына 200 көшет отырғызылған.

Сондай-ақ, қаланың 152 ластанған аймағы 509 текше метр қоқыстан тазартылды. Айта кету керек, жалпықалалық сенбілік барысында ойын, спорт алаңдары, аулалар тазартылып, шағын сәулет пішіндері  мен субұрқақтарда жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!