Атырау балық «барымташыларының» базарына айналуда

Фотография - Атырау балық «барымташыларының» базарына айналуда

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

264 0

Бекіренің құны еселеп артып жатқан қазіргі күндері Атырауда оған «барымта» жасаушылардың қатары көбейе түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған орай тәртіп сақшылары да қырағылықтарын арттыра бастады. Сәуірдің 10-ында басталған «Бекіре-2013» жедел алдын алу іс-шарасы осы бағыттағы басты жұмыстардың бірі болып табылады. Ал акция мамырдың 31-іне дейін созылады. Аталмыш рейд қазірдің өзінде біраз құқық бұзушылықтың дерегін тапты. Полиция қызметкерлері бүгінге дейін 76 осындай істі анықтап үлгерді. Оның 60-ында браконьерлер балықты заңсыз аулаған болып шықты.

Құқық бұзушылықтардың арасында су маржандары сүзіп алып, сату мен тасымалдау оқиғалары да жиі кездеседі. Соның бірін облыстық ІІД қызметкерлері Атырау-Құлсары тас жолы бойынан ұшырастырды. Олар тоқтатқан «ГАЗель» автокөлігін тексеру кезінде оның қорабында жалпы салмағы 160 кило көксерке балығы болған. Сол сияқты Исатай ауданының Атырау-Астрахань жолы бойындағы Х.Ерғалиев ауылы маңында жеңіл көліктен 60 килодан астам бекіре тұқымдас балық тәркіленген.

Бұлардан да салмағы көп балықпен қолға түскендер де бар. Солардың бірі Жұмыскер кентін шарлап жүргенінде қолға түсті. Бұл топ мінген автобустың салонынан 200 кило келетін қаракөз балығы алынды. Тағы бір «барымташы» Атыраудың Вокзал маңы шағын ауданында құрыққа ілінді. Оның «Тайота-Камриінен» 175 килолық сазандар шықты. Ал Жанбай тұрғынынан 105 кило тартатын бекіре тұқымдас балық табылды.

«Бекіре-2013» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері барлығы 50 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 228,4 мың теңге айыппұл салынды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!