Адамдардың жүйкесі жұқарып кеткен сияқты

Фотография - Адамдардың жүйкесі жұқарып кеткен сияқты

Салған жерден айтыса кетуге, шаптығыса кетуге даяр тұр.

138 0

Бұрынғы заман бүгінгіден де тар еді, бірақ адамдардың пейілі кең болатын. Қазір де оның оңып тұрғаны шамалы. Жаппай жұмыссыздық, қымбатшылдық, одан қалса мемлекеттік органдарды жайлап алған жемқорлық. Мұның бәрі халықтың жүйкесін жұқартатыны анық. Содан болар қазіргінің адамы адамы күйгелек. Салған жерден айтыса кетуге, шаптығыса кетуге даяр тұр.

Оған біз баяндағалы отырған жайт та мысал бола алады. Енді, осы оқиғаның басты кейіпкерлерінің бірі, жапа шегуші ОҚО, Сайрам ауданы Ақсукент ауылы тұрғыны Наргиза Хашимованың ҚР Ішкі істер министрі Қ.Қасымовтың блогына жазған арызынан үзінді келтірейік: «Мен Жібек-жолы көшесінің бойында Мәдениет сарай жанында орналасқан сауда қатарының бір дүкенінде сатушы болып жұмыс істеймін. 11.04.2013ж. сағат 11:30 шамасында дүкенде жұмыс істеп тұрғанымда, бір бейтаныс азамат «Passat» маркалы көлікпен келіп, көлікті дүкеннің дәл алдына қойып қойды. Мен оған көлігінізді алыныз деп өтінгенде, ол «ауызынды жап, бұл сатып алған орнын емес, мен таксиспін», деп ауызына келгенін айтып, балағаттауға көшті. Мен оған спирттік ішімдік ішіп алыпсыз, аға ұялмайсыз ба, қыз балаға былап сөздер айтып дегенімде, ол менің жаныма келіп, «саған көрсетемін» деп, бірнеше рет қолымен, аяғымен менің басыма ұра бастады. Бұл жағдайды бірнеше куәлер көрген. Осы кезде айқаймен төбелесті көріп қалған інім Тимур қасымызға келіп, араға түспекші болғанда, әлгі бейтаныс кісі оны да ұра бастады.

Соққының салдарынан мен Сайрам аудандық орталық ауруханасына түстім. Осы жайт бойынша мен Сайрам АІІБ-на арызданғанда, полиция қызметкерлері ол азаматты анықтап алып, оған ешқандай шара қолданбады. Бұл азамат өзінің іс-әрекетімен қоғамдық тәртiптi өрескел бұзуып, әдепсіздік көрсетті. Жоғарыда баяндалған жайттың негізінде және ҚР ҚІЖК-нің 177 бабын басшылыққа алып, белгісіз азаматтың аты-жөнін анықтап, оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 257 бабының 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғауды сұраймын»,– дейді Н. Хашимова.

Әзірге министр мырза арызданушыға ештеңе деп жауап бермепті.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!