«Эйр Астана» компаниясы Астана мен Бішкек қалалары арасында тұрақты тікелей әуе рейсін ашты

Фотография - «Эйр Астана» компаниясы Астана мен Бішкек қалалары арасында тұрақты тікелей әуе рейсін ашты

Бүгін «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының бас қалаларын байланыстыратын тұрақты тікелей әуе рейсін ашты

169 0

Бүгін «Эйр Астана» әуекомпаниясы Қазақстан мен Қырғыз Республикаларының бас қалаларын байланыстыратын тұрақты тікелей әуе рейсін ашты.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана-Бішкек бағытындағы бұл әуе рейсі сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері «Embraer 190» реактивті әуе лайнерімен орындалады. Ұшу ұзақтығы - 2 сағатты құрайтын эконом-кластағы рейстің барып-қайту билетінің бағасы, барлық алымдарды қосқанда, 37 708 теңгеден, ал бизнес-класта - 89 708 теңгеден басталады.

«Алматыдан орындалатын қазіргі 5 рейске қосымша Астана мен Бішкек арасында аптасына үш рейсті орындау екі қала арасындағы тығыз қарым-қатынасты құруға себепкер болады. Бішкек жолаушылары Астанадан Ресейдің Новосібір, Екатеринбург, Санкт-Петербург, Омбы және Мәскеу сияқты қалаларына ыңғайлы түйісулер арқылы жете алады», - дейді «Эйр Астана» АҚ-ның Қазақстан мен шетелдегі сатылымдар жөнінде директоры Ричард Леджер. Оның айтуынша, жаңа рейс қырғыз жолаушыларына «Эйр Астананың» Ыстамбұл және Франкфурт сияқты еуропалық бағыттары арқылы саяхаттауға мүмкіндік туғызады. Жалпы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы әуе қатынасы 2008 жылы 3 қарашада  Алматы мен Бішкек арасында орнатылған болатын. Қазіргі сәтте 1820 рейс орындалып, 52 мың жолаушы және 70 мың тонна жүк тасымалданды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!