76 жасар қария велосипедпен қажылыққа бармақ

Фотография - 76 жасар қария велосипедпен қажылыққа бармақ

Ол аталмыш көлігімен Қарағандыдан Сауд Арабиясындағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қасиетті жерлерге дейін бармақ.

179 0

76 жастағы велосипедпен саяхат жасаушы Олжабай Смағұлов ерекше маршрут жасамақ. Ол аталмыш көлігімен Қарағандыдан Сауд Арабиясындағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қасиетті жерлерге дейін бармақ.

«Ол 2003 жылы алғашқы рет велосипедпен ұзақ саяхатқа шыққан болатын. Нақтырақ айтсақ, ол Қазақстаннан Түркіменстанға дейін жол жүрген. Қазіргі таңда ол Қазақстанның барлық облыстарын ғана емес, ТМД-нің барлық елдеріне саяхат жасап үлгерген. Бұнымен қатар, саяхатшы өзінің барлық маршруттарын ерекше даталармен байланыстырады», - деп хабарлады басылым. Ендігі жол ұзақ әрі қиын болғалы тұр. Олжабай Смағұлов Ашхабад қаласынан жолын бастап, Иран және Түркия арқылы жол жүрмекші. Бірақ, БАӘ билігі шекара арқылы тек топпен өтуге болады деген шарт қойды. Сондықтан, қазір Олжабай Смағұлов велосипедпен қажылыққа баратын адамдарды іздестіруде. Ол осындай жолмен қажылыққа барған алғашқы мұсылман атанғысы келеді.


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!