Астанада жер дау-дамайлары жиі болып жатады

Фотография - Астанада жер дау-дамайлары жиі болып жатады

Өткен жылы Астанада жер дау-дамайларына қатысты 600-ден астам іс қаралды. Оның ішінде 450 іс жер учаскелерін мемлекеттің меншігіне қайтарып алуға қатысты

300 0

Өткен жылы Астанада жер дау-дамайларына қатысты 600-ден астам іс қаралды. Оның ішінде 450 іс жер учаскелерін мемлекеттің меншігіне қайтарып алуға қатысты. Бүгін елордада өткен жиында Астана қаласы сотының судьясы Асқар Сүлейменов осылай айтты. 

«Бұл - үлкен көрсеткіш, яғни бір жылдың ішінде жерге қатысты қаралған істердің 65,5 пайызы», - дейді А.Сүлейменов. Оның айтуынша, бүгінде Астана қаласының аймағы кеңейіп келеді. Осыған орай жер учаскелерін мемлекеттің меншігіне өндіру бойынша көптеген дау-дамайлар туындап жатады. Оның басым бөлігі әлі күнге өз шешімін тапқан жоқ. Әсіресе, Сарыарқа ауданы бойынша жерге қатысты сот істері баяу қаралады. Оның ішінде «Өндіріс» жатақханасы тұрғындарының ісі де бар.   


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!