559 келілік өгіз 1 млн 230 мыңға сатылды

Фотография - 559 келілік өгіз 1 млн 230 мыңға сатылды

«Қазагроинновация» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында асыл тұқымды ірі қара малдарды сату бойынша екінші рет аукцион өтті.

529 0

«Қазагроинновация» АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық тәжірибелік станциясында асыл тұқымды ірі қара малдарды сату бойынша екінші рет аукцион өтті.

Аукционға 16 өгіз шығарылған. Оның 12-і қазақтың ақбас тұқымы болса, 4-уі канадалық селекциядан шыққан «Герефорд», «Ангус» және «Шароле» тұқымдарынан алынған өгіздер. Ірі қараларды сату алаңқайына шығарылған 16-ның 11 сатылды. Атап айтқанда қазақтың ақбас сиырынан тараған өгіздердің біреуінің орташа бағасы 490 714 теңге, ал герефордтың бағасы – 1 130 000, ангус – 1 030 000 мың, шароле – 1 130 000 мыңға бағаланған. Ал ең жоғары бағаланған лот герефорд тұқымды өгіз болды. Оның салмағы 559 келіні құрап, құны 1 млн 230 мың теңгеге жеткен. Баға белгілеудің алғашқы бастамасы ретінде өгіздердің тірідей жалпы салмағының әр келісін 1 200 теңгеден бағалау арқылы жүзеге асқан. Ал аукционға 6 ауылшаруашылық қожалық қатысты.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!