Алматыда әскери полиция анықтаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде

Фотография - Алматыда әскери полиция анықтаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде

Кеше (24 сәуір) Алматыда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери полиция анықтаушыларының оқу-әдістемелік жиыны басталды.

590 0

Алматыда әскери полиция анықтаушыларының оқу-әдістемелік жиыны өтуде

Бүгін (24 сәуір) Алматыда Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери полиция анықтаушыларының оқу-әдістемелік жиыны басталды.

Үш күндік оқу-әдістемелік жиын Ішкі әскер барлық құрамалары әскери полиция офицерлерінің қатысуымен Алматы құрамасында ұйымдастырылуда.

- Жиынның басты мақсаты мамандарды тәрбиелеу мен олардың жұмысының тиімділігін арттыру, сонымен қатар, әскери полицияның анықтау және есепке алу-тіркеу тәртібін бақылау желісі бойынша офицерлерінің кәсіби дайындығын одан әрі жетілдіру, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерлері әскери полиция басқармасы сараптама жұмысы және анықтау қызметінің бастығы подполковник Рустам Манкиев.

Оқу-әдістемелік жиын барысында әскери полицейлерге процессуалдық өндіріс әдістемесі, түрлі қылмыстар мен құқықбұзушылықтарды тергеу ерекшеліктері бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен бірге, жиын барысында әскери прокуратура, сот-медициналық сараптама органдары өкілдерінің қатысуымен кездесулер, семинарлар ұйымдастырылып, ату, дене дайындығынан сынақтар қабылданады.

Алматы құрамасында сонымен қатар осы күндері рота командирлері және олардың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасарлары жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында роталық звено офицерлерінің де оқу-әдістемелік жиыны өтуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!