Медеу шатқалында 8000 қылқан жапырақты ағаш отырғызылатын болады

Фотография - Медеу шатқалында 8000 қылқан жапырақты ағаш отырғызылатын болады

«Медеу» территориялық парк аумағы маңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры «Медеу» шатқалында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу, жасылдандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде кезекті акцияны өткізді

238 0

«Медеу» территориялық парк аумағы маңында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры «Медеу» шатқалында қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу, жасылдандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде кезекті акцияны өткізді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. 

«Белгілі табиғи катаклизмдерден соң «Медеу» шатқалын қалпына келтіру мақсатында қала тұрғындары мен меценаттардың арқасында «Жаңа Алатау» қорына 160 млн. теңгеге жуық қаржы жиналды. Бұл қаржының бір бөлігі қар көшкінін ұстап тұратын конструкцияларды орнатуға жұмсалды. Ал қалған қаржы ерекше құнды Медеу шатқалын жасылдандыру акцияларына жұмсалатын болады» - деді акцияға арнайы қатысқан Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов.

Жалпы Медеу шатқалында 8000 шырша отырғызылатын болады. Таулы жердің климат ерекшеліктерін ескере отырып, 4000 шырша көктмеде, қалған 4000-ы күзде отырғызылмақ.

Қазіргі кезде Медеу шатқалында 890 шырша отырғызылған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!