Бостонда ұсталған студенттің әкесі АҚШ-қа аттанды

Фотография - Бостонда ұсталған студенттің әкесі АҚШ-қа аттанды

Ағалы-інілі Царнаевтармен араласқан және көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін ұсталған қазақстандық студенттердің бірі Атырауда туып-өскен

129 0

Ағалы-інілі Царнаевтармен араласқан және көші-қон заңнамасын бұзғандығы үшін ұсталған қазақстандық студенттердің бірі Атырауда туып-өскен.

Оның әкесі қаладағы танымал кәсіпкер, «Абылайхан групп» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы және қалалық мәслихаттың депутаты Әмір Ысмағұлов шұғыл түрде АҚШ-қа ұшып кетті. Ол ұлын тұтқындаудың мән-жайын айтудан бас тартып, оралғаннан кейін ғана барлығын түсіндіретінін мәлім етті.

Еске түсіре кетсек, 20 сәуір күні ФБР екі қазақстандық студентті Нью-Бедфорд қаласындағы жалдап тұрып жатқан пәтерлерінен тұтқындап алып кеткен болатын. Билік өкілдері оларға көші-қон заңнамасын бұзды деген айып тағып отыр. Америкалық БАҚ-тың пайымынша, олар ағалы-інілі Царнаевтардың кішісі Джохармен етене араласқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!