Батыс Қазақстанның полицейлері «әмбебап» болмақ

Фотография - Батыс Қазақстанның полицейлері «әмбебап» болмақ

Батыс Қазақстан облысында патрульдік және жол полициясының саптық бөлімшелерін бір батальонға біріктіру көзделіп отыр.

155 0

Батыс Қазақстан облысында патрульдік және жол полициясының саптық бөлімшелерін бір батальонға біріктіру көзделіп отыр.

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, өткен жылдың сәуір айында бұл тәжірибе Павлодар мен Жамбыл облыстарында қолға алынып, игі нәтиже берді. Атап айтқанда, аталған облыстарда көше қылмыстары төмендеген.

Биылғы жылдың наурыз айында ішкі істер министрлігі осы істі  еліміздің барлық облыстарында енгізуді қолға алды. Бұл ретте қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету АҚШ пен өзге шет елдердегідей, «әмбебап полицейлерге» жүктеледі. Қала шетіндегі жолдарда жол полициясының бөлімшелері патрульге шығып, кез келген заң бұзушылыққа тосқауыл қояды. Мұндай жұмыс әдісі Германия және басқа да Еуроодақ елдерінде кеңінен қолданылады.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Сақыпкерей Сағышевтің айтуынша, бұл әдіс көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтауда барлық қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында енгізілуде. Әр қызметкер қандай бөліністе қызмет ететініне қарамастан, кез келген құқық бұзушылыққа назар аударуы қажет. Министрлікте қолға алынып жатқан реформалардың барлығы алдағы уақытта Қазақстандағы полиция қызметкерлерінің әмбебап болуын көздейді.

Әмбебап полицей азаматтардың құқығын қорғау, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмыс ашу мен қылмыскерлерді ұстауға қатысу секілді міндеттерді орындайды. Ішкі істер департаментіндегі әкімшілік  полициясы басқармасы қоғамдық тәртіпті сақтайды, ал жол полициясы жол қозғалысын қамтамасыз етеді. Жалпы, екі басқарма қызметінде аздаған өзгешеліктер болғанмен, құзыреттілігі бірдей. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуші қызметкерлер жол бойындағы кептелісті болдырмай, жасамай қалған  бағдаршамды немесе  көше қылмысының алдын алып, осыған ұқсас жағдайларды шешу үшін барлық шараларды қолдана алады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!