Қазақтың бесігін жапондар қолданбақ...

Фотография - Қазақтың бесігін жапондар қолданбақ...

 Серік­болдың элект­ронды бесігін жақында жапон­дық­тар өндіріске шығармақ. 

253 0

Өткенде Серікбол Шаймерден есім­ді жас өнертапқыш екі бірдей туын­дысына Қытайда патент алды. Оның бірі – балалар пайдаланатын әмбебап циркуль, екіншісі – бала тербететін электронды бесік. Серік­болдың элект­ронды бесігін жақында жапон­дық­тар өндіріске шығармақ. 

Серікболдың айтуынша, электрон­ды бесік тек баланың жылаған дыбы­сына ғана тербеледі. Мұндағы техни­ка бала дыбысының жиілігі 380 де 415 герц аралығында болады. Сол себепті бұл тек 300-415 герц аралығындағы дыбысты ғана қабыл­дайды. Сондай-ақ бесіктің қасында сүт жылытатын арнайы қондырғы бар. «Бұл бесікті қолданысқа енгізу қазіргі жас аналар үшін өте тиімді болмақ. Баласы жылап жатқан уақытта анасы­ның қолы тимей жатса, бесік өзінен-өзі тербеле береді» деседі отандық мамандар.

Жалпы, мамандардың пайым­дауын­­ша, әлемдік нарықта техника­сымен-ақ көшбастаушы Жапон елі нақ осы электронды бесікті өндіріске ен­гізуге бейіл танытып отырған көрінеді...


Тегтер:

Тарих

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!