Алматыда «Айналаңды нұрландыр!» деп аталатын студенттік фестиваль өтті

Фотография - Алматыда «Айналаңды нұрландыр!» деп аталатын студенттік фестиваль өтті

Адамдар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып,  адамгершілік қасиетті басты орынға қойса, қоғам дамиды. Бұл пікір Алматыдағы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Айналаңды нұрландыр!» студенттер фестивалінде айтылды

205 0

Адамдар бір-бірімен мейірімді қарым-қатынаста болып,  адамгершілік қасиетті басты орынға қойса, қоғам дамиды. Бұл пікір Алматыдағы  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Айналаңды нұрландыр!» студенттер фестивалінде айтылды.

«Кез келген жан өмірге қандай із қалдырамын деген ойды есте берік ұстауы керек. Көреалмаушылық, қызғаншақтық бар жерде еш даму болмайды. Аяқтан шалу, арызқойлық жақсы қасиеттер емес. Небір ізгі ниеттерді жастар бойына қалыптастыру арқылы өркениетке қол жеткіземіз. Өркениет арқылы, алған ілім-білімдерді жақсы іске жұмсау арқылы, тәрбиеге ден қою арқылы елді, ұлтты дамытамыз. Міне, «Айналаңды нұрландыр!» жобасының негізгі діттегені де осы», - дейді ректор Ғалым Мұтанов. Онда Абайдың қара сөздері, өлеңдерін шет тілдерінде  айтылып, халық  әндері мен  шет тіліндегі классикалық және заманауи әндер орындалды. Сонымен бірге жобаның ғаламтордағы «Нұрландыр» (www.nurlandyr.kaznu.kz.) деп аталатын   сайтының тұсаукесері болды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!