Дінтану сараптамасына мамандар жетіспейді

Фотография - Дінтану сараптамасына мамандар жетіспейді

 Бүгінгі таңда дінтану сараптамасына кәсіби мамандар жетіспейді.

294 0

 Бүгінгі таңда дінтану сараптамасына кәсіби мамандар жетіспейді.

Бүгін дінтану сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған республикалық семинарда ҚР Дін істері агенттігінің діни сараптама және діни оқу орындарымен байланыс жөніндегі басқарма бастығы Айнұр Әбдірасылқызы осы мәселені көтерді.

Оның айтуынша, «Дін туралы» жаңа заң қабылданғаннан кейін дінтану сараптамасына түсетін кітаптар мен оқулықтардың саны 10 есеге артты. «Осының барлығын сараптамадан өткізіп, қамту үшін кәсіби мамандар қажет. Яғни, дінтану сарапшылары жетіспей жатыр. Дегенмен, біз Дін істері агенттігінің департаменттері жанынан сараптама топтарын құрып, мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы және дін мәселелері жөніндегі ғылыми-ақпараттық талдау орталығының, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың көмегімен бұл мәселені  шешуге тырысудамыз», - дейді А.Әбдірасылқызы.    


Тегтер:

дін

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!