Алматы облысында ауыл әкімдігі "Батыр анаға" жерді моладан берген

Фотография - Алматы облысында ауыл әкімдігі "Батыр анаға" жерді моладан берген

Бұл жайында Алматы облысының әкіміне шағымданған Ернұр Ысқақов есімді азамат мәлімдеп отыр.

180 0

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жамбыл ауылында Арслановтар отбасы тұрады. Отанасы Алмагүл алдыңғы жылы үшемдерді дүниеге әкеліп, отбасындағы балалардың санын тоғызға жеткізген. Алайда, көп балалы ерлі-зайыптылар әлі күнге дейін баспанасыз жүр.

Халықты тұрғын үймен қамту ережелерінде "Алтын алқа" иелеріне баспана алғашқы кезекте берілетіні айтылған. Осыған орай, жергілікті әкімдік Арслановтар отбасына 0,04 гектарлық жер бөліп берген екен.

Отбасы мүшелерінің бұл жаңалықты естігенде қуаныштарында шек болмаған, алайда, жер телімінің қай жерден берілгендігін көрген кезде өз көздеріне өздері сенбепті. Белгілі болғандай, ауыл әкімшілігі көп балалы анаға үй салу мақсатында берілетін жерді моланың тура тұсынан бөлген.

Бұл жайында Алматы облысының әкіміне шағымданған Ернұр Ысқақов есімді азамат мәлімдеп отыр.

"Елбасымыз әр жылғы Жолдауында көпбалалы аналарды аузынан тастаған емес. Біздің елде туылған әрбір сәбиге жағдайдың жасалатындығын да айтып келеді. Ендеше, тоғыз баланың анасы Алмагүл Арсланова ең алдымен "Алтын алқаға" лайықты. Екіншіден, жергілікті әкімдік бөліп берген жер телімі ауылдағы моламен жапсарласып жатыр, аралары бес метр ғана" дейді Жамбыл ауылының тұрғыны Е.Ысқақов.

Шағымданушының сөзін өңір басшысы Ансар Тұрсынханұлы да растап отыр. Талап бойынша үй мен мазар арасындағы қашықтық кемі 300 метрді құрау керек екен. "Сондықтан бұл жер телімінің орнына Арслановтар отбасына Көлді елдімекенінен аумағы 0,08 гектар болатын өзге жер телімі ұсынылды" дейді облыс әкімі.

Ал, Батыр анаға моладан жер бөліп берген ауыл басшыларына қандай шара қолданғандығын А.Мұсаханов айтқан жоқ.


Тегтер:

Отунбаева

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!