Ақтөбеде педофилдер қаптап кетті

Фотография - Ақтөбеде педофилдер қаптап кетті

Ақтөбе облысында соңғы екі жылда 27 педофил «түрмедегі тәтті өмірдің» төңірегіне жол тартты.

2030 0

Ақтөбе облысында соңғы екі жылда 27 педофил «түрмедегі тәтті өмірдің» төңірегіне жол тартты.

Аталмыш мақаланың авторы Юрий Гейст солардың бірі өз әкесінің құрбаны болғанын баяндайды. Осындай айуандыққа барған адамға сот 18 жыл мерзім кескен. Қылмыскерлердің ең жасы 18-де болса, ең үлкені 46-ны толтырған. Бұлардың барлығының дерлік ақыл-естері дұрыс деп табылған.

Зорлықшылардың құрбандарын негізінен 12-13 жастағы балалар құраған. Қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сот 2012 жылы балалардың «бір жыныстағыларға қарсы» қылмыс санының өсе түс­кенін атап өтті.

– Мұндай қылмыс үшін 2011 жылы 11 еркек түрменің торына аттандырылса, 2012 жылы ондайлардың саны 16-ға жетті, – деп мәлімдейді Ақтөбе облысы қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық сотының төрағасы Нұрлан Сұлтанов. – Облыс орталығында өткен жылы педофилдіктің 9 оқиғасы орын алса, қалғандары аудандарда тіркелді. Қылмыскерлер өз құрбандарының не өгей әкелері, не алыс туыстары, не көршілері болып келеді. Бұлардың 8 жағдайында олар бір-бірлерін танымайтын болып шықты.

Арнайы соттағылар бір жағдайда зорлықшы құрбандығының туған әкесі болып шыққанын айтады. Бұл Алға ауданында орын алған. Ұзақ уақыттар бойына әкесі 13 жастағы қызын зорлап келген. Педофил қашан ұсталғанға дейін былайғы жұртқа өзін үлгілі отбасы иесі етіп көрсете білген. Ол мектепте от жағушы болып жұмыс істеген. Ал оның туған қыздарын қалай қорлап келгенін тіпті әйелі де сезбеген. Қыз бұл сұмдық жайтты жұрттың бәрінен жасырған. Бір жолы оны анасы өз сіңлісінің үйіне қонуға жібереді. Сонда жасөспірімнің мінез-құлқының оншалықты орнықты емес екенін байқаған әпкесі оның тілін тауып, әңгімеге тартады. Барлық шындық осылай ашылады. Осыны естіген бойда естияр келіншек дереу полицияға арыз жазады. Педофил әке бірден қамауға алынып, 18 жылды арқалап кетеді. Ал дәрігерлік тексеру оның ақыл-есі дұрыс екенін анықтап берген.

– 25 жастағы бір жігіт  5 жасар бүлдіршін қызды әжетханада зорлаған, – дейді Нұрлан Сұлтанов. – Олар көрші тұрған. Қыз кейін жігітті топ арасынан таныған. Сотта ол анық куәлік бере білген. Осы қылмысы үшін жігітке 16 жыл берілді. Ең бір сұмдық қылмыс Ойыл ауданында орын алған. Онда 40 жастағы еркек 9-дағы қызды алдап үйіне кіргізіп, зорлап, артынан тұншықтырып өлтірген. Ал денесін азық-түлік жертөлесінде сақтаған. Педофил осы қылмысы үшін өмірлік түрмеде отыру жазасына кесілді.

Газет тілшісі сонымен қатар, екі жылда қай ауданда қанша педофилдің қолға түскені туралы да мәлімет беріп өтіпті. Бұл көштің басын Ақтөбе қаласы бастап тұр. Онда, жоғарыда айтылғандай, 9 дерек тіркелген. Мұндай азғындар саны Хромтауда 4-еу болса, Мұғалжарда 3-еуге толған. Байғанин мен Алғада – 2, ал Мартөк, Қарғалы, Темір, Шал­қар жерлерінде бір-бірден табыл­ған.

Бұрын мұндайды кім білген! Арға – дақ, сүйекке таңба түсіретін мұндай арсыз қылықтар ортамызға қалай келіп жүр?


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!