1 мамыр мерекесіне орай Астана жастары би флешмобын өткізеді

Фотография - 1 мамыр мерекесіне орай Астана жастары би флешмобын өткізеді

 Бұл жөнінде  Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы хабарлады.

343 0

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Астана би акциясын өткізбек. Бұл жөнінде  Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы хабарлады.

«Астана қаласы - мәдени, қаржы, саяси және жастар орталығы. 14 - 29 жас аралығындағы жастар қала тұрғындарының 30 % -н, яғни үштен бірін құрайды. Осыған орай, жастар арасында шығармашылықты насихаттау, достық қарым-қатынасты орнату, жастар мен жасөспірімдерді қаламыздың қоғамдық өміріне белсенді түрде араластыру үшін Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы 30 сәуір күні «В ритме молодежи» атты би флешмоб акциясын өткізуді жоспарлап отыр», - деді басқарма маманы Алтын Күмпейісова.

Жастар би флешмобына студенттер, елорданың ең таңдаулы би ұжымдары қатысады. «Кештің тосын сыйы - Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкерлерінің аталмыш би-флешмобына қатысуы болады» деді ол.

«Флешмоб акцияға 8 - 25 жас аралығындағы бишілер қатысады. Барлық қатысушылардың саны 70 адамға жуық. 15 минуттық би флешмобын өткізу барысында әлем халықтарының - қазақ, тәжік, өзбек, орыс билері орындалады, сонымен қатар хип-хоп, балет, робот биі және басқа да заманауи жанрдағы билер де жұртшылық назарына ұсынылады», - деді Алтын Күмпейісова.

Мұнымен қатар елорданың бастамашыл жастары барлық жастағы көрермендер үшін тосын сый да дайындаған.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Мереке

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!