Алматыда атауы бірдей 165 көше және атаусыз 100 көше бар

Фотография - Алматыда атауы бірдей 165 көше және атаусыз 100 көше бар

Алматыда атауы бірдей 165 көше және атауы мүлде жоқ 100-ден астам көше бар екені анықталды.

319 0

Алматыда атауы бірдей 165 көше және атауы мүлде жоқ 100-ден астам көше бар екені анықталды.

«Мұндай ақпаратты бізге қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасы берді. Себебі, қазір бізде мекен-жайды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның барлығы жүйелендіріледі. Қалада 1897 көше бар. Біз электронды құжаттаудың өз нұсқамызды ұсынғанда, атауы жоқ 100 көше мен атауы бірдей 165 көше анықталды», – деді Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің бастығы Өтепберген Қалабай.


Сонымен, қалада екі Әуезов көшесі, Абай көшесі төртеу, Ақсай көшесі екеу, Зеленый кһшесі төртеу және Комсомольская көшесі де төртеу екен.


Ө.Қалабайдың айтуынша, көше атаулары бойынша жұмыстар 2011 жылы басталған. Дәл сол уақытта ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматы қаласының шекарасын кеңейту туралы жарлығы шыққан болатын. Қазір ономастика бөлімі осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізуде және ономастикалық жұмыстар осы жылы басталды. Алматы қаласына қосылған Талғар мен Қарасай аудандарындағы көшелердің атын өзгерту және көшелерге атау беру келесі жылдан басталады.


«Алматыда «Комсомольская», «Пионерская», «Лениногорская», «Красногвардрейская», «Коммуна» сынды тарихи ұғымда есікрген көшелер көп. Ал көшелердің жаңа атауларына қатысты айтар болсақ, онда бізге қоғамдық ұйымдардан немесе қала тұрғындарынан ұсыныстар келіп түсуі мүмкін немесе бізде тарихи-географиялық атаулар, көше есімін беруге лайықты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері жеткілікті» – деді Ө.Қалабай.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

Алматы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!