Оралда Махамбеттің 210 жылдығына орай кезекті шара ұйымдастырылды

Фотография - Оралда Махамбеттің 210 жылдығына орай кезекті шара ұйымдастырылды

30 сәуір күні Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында ұлы ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына орай облыстық «Махамбет оқулары» мәреге жетті.

296 0

30 сәуір күні Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясында ұлы ақын әрі батыр Махамбет Өтемісұлының 210 жылдығына орай облыстық «Махамбет оқулары» мәреге жетті.

Аталмыш академиямен қоса БҚО ішкі саясат басқармасы, «Құдатғу білім ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Исатай-Махамбет» қоғамдық қоры атсалысқан шараға облыс мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, Махамбет шығармаларын жатқа оқу, өлең және шығарма жазудан сынға түсті. Махамбет өлеңдерін мәнерлеп оқудан Зеленов ауданы Дариян орта мектебінен Данияр Ибрагим үздік шықса, жыр мүшәйрасынан М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының шәкірті Әлішер Зариф жеңімпаз атанды. Жас тілші байқауынан Орал қаласындағы А.Тайманов атындағы №34 орта мектебінен Әзиза Әжіғалиева озды. Барлық жүлдегерлерге, белсенді қатысушыларға дипломдар мен алғысхаттар, сыйлықтар табыс етілді.


Тегтер:

Кеш

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!