ОҚО-да қойдың жаңа «Ордабасы» тұқымы шығарылды

Фотография - ОҚО-да қойдың жаңа «Ордабасы» тұқымы шығарылды

Бұл жаңалық қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын Еділбай және гиссар тұқымды қошқарлармен будандастыру арқылы дүниеге келген.

1332 0

Оңтүстік Қазақстан облысының селекционер-ғалымдары «Ордабасы» деп аталатын жаңа қой тұқымын шығарды. Бұл жаңалық қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойларын Еділбай және гиссар тұқымды қошқарлармен будандастыру арқылы дүниеге келген.

Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары бұл жобаға жиырма жылдан астам уақыттарын сарп етіпті. Жаңа тұқымның ерекше белгілері - жоғары салмағы, ет шығымы және төмен мөлшердегі жүн түсімі. Ересек аталықтарының тірі салмағы 120 келіден асады. Ғалымдар бұл жобаны қолға алғалы 20 жылдан асыпты. Селекциялық жұмыстар үшін қылшық жүнді құйрықты қазақы қойлардың аналықтары мен Еділбай және гиссар тұқымды қошқарлар іріктелген. Будандарды өзара шағылыстыру арқылы алынған Ордабасы қойының төлі де өзі қатарлы қозылардан анағұрлым ірі. 4 айлық еркек марқаның салмағы 45 келіге дейін жетсе, ересек аталықтары 120 келіден аса ет береді екен.


Тағай ҚАНСЕЙІТОВ, БАС ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР:

- Бұның қанында 50 пайыз қиссары қой тұқымының қошқарының қаны бар. 25 пайыз қазақтың жергілікті қылшық жүнді құйрықты қой тұқымының қаны бар. 25 пайыз Еділбай қойының үлесі бар. Бұның ерекшелігі өзі биік, жайылымдарға жарамды, тұяғы мықты. Салмағы ауыр, жүні аз.


Жаңа генотипті қойлар жылына бір рет қырқылады, 100 бас аналықтан 112 қозыға дейін төл алуға болады. Өмірден көрген-түйгені көп аға шопан Даржан Ибрагимов жаңа қой тұқымының ерекшелігіне таңдай қағып отыр.


Даржан ИБРАГИМОВ, АҒА ШОПАН:

- Қасиеті болғанда талай малды көріп жүрміз ғой бұл суыққа төзімді, бұның жайылымы болса қыста да азбайды. Ал енді сосын сүтті.


Ордабасы тұқымы салмағы мен жетілгіштігі жағынан қазақтың қылшық жүнді қойынан 10-15 пайызға асып түседі,-дейді ғалымдар. Ғылыми-зерттеу және селекция жұмыстары алты ауданда жүргізілген. Шөлге төзімді бұл қойдың саны бүгінде 40 мыңға жетіпті. Көрші облыстардан да сұраныс артқан. Дегенмен қойлардың жүнін өткізіп, етін сатуда бірқатар қиындықтар бар, - дейді шаруалар.


Сералы АБЖАЛОВ, ШАРУАШЫЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ:

- Біз мысалыға еттің тірідей салмағын 700 теңгеден сатып жатырмыз. Соны қайта өңдесе оның жүні бар терісі бар, басқа да қажетті өнімдерін пайдаланып, халықтың игілігіне етті арзан бағада ұсынуға болады. Оның пайдасын шаруалар емес арадағы саудагерлер көріп кетіп жатыр.


Ғалымдар будандасқан қой тұқымын тау арқарымен шағылыстырып, тағы бір жаңа төл тұқымын ала бастапты. Оның нәтижесін көретін кез алыс емес,-дейді жоба авторлары.


Тегтер:

ауыл

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!