ОҚО-да конго-қырым қанды безгегі диагнозымен 3 адам карантинге жабылды

Фотография - ОҚО-да конго-қырым қанды безгегі диагнозымен 3 адам карантинге жабылды

Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен карантинге жабылды. Қазір олар жіті бақылауда

245 0

Оңтүстік Қазақстан облысының 3 тұрғыны конго-қырым қанды безгегіне шалдықты деген күдікпен карантинге жабылды. Қазір олар жіті бақылауда.

Өңірдің ветеринарлық инспекциясының мәліметінше, көктем шыққалы кене шақты деп 1237 адам дәрігерлер көмегіне жүгінген. Аймақтағы ұсақ тұяқты малдың жартысынан көбі дезинфекцияланса да, вирустық аурудың алдын алу мүмкін болмай тұр. Биыл облыстық бюджеттен кенелермен күресу үшін 400 миллион теңге бөлінген. Конго-қырым қанды безгегі табиғи-ошақты вирустық ауру. Ол кенелерден жұғып, кенеттен басталады. Сол себептен, дәрігерлер табиғат аясына демалуға шығарда абай болуды ескертеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!