Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері марафонға қатысады

Фотография - Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері марафонға қатысады

4 мамыр күні сағат 10.00 Астанада Отан қорғаушы күніне арналған ел Қарулы Күштерінің жеңілатлетикалық жүгіру жарысы өтеді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

247 0

4 мамыр күні сағат 10.00 Астанада Отан қорғаушы күніне арналған ел Қарулы Күштерінің жеңілатлетикалық жүгіру жарысы өтеді деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл жарысқа Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері өз отбасыларымен қатысатын болады. Айта кету керек, 500-ден астам марафоншыға Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов жол бастап береді.

Марафон жарысы Қорғаныс министрлігі ғимаратынан басталып Достық көшесі, Тұран даңғылы арқылы өтеді, әрі қарай Тәуелсіздік және Түркістан көшелерінің бойымен жалғасып,қайта Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында мәреге жетеді. Марафонның қашықтығы – 5 шақырым.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!