Алматы әкімі ҰОС - ның ардагерлері мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды.

Фотография - Алматы әкімі ҰОС - ның ардагерлері мен көпбалалы отбасыларға пәтер кілттерін тапсырды.

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 20 алматылық отбасы жеке пәтер иелері атанды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тиісті құжаттар мен пәтер кілттерін табыс етті.

137 0

Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңіс күні қарсаңында 20 алматылық отбасы жеке пәтер иелері атанды. Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов тиісті құжаттар мен пәтер кілттерін табыс етті.

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан қорғалуы тиіс азаматтар, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полиция қызметкерлерінің жанұялары жаңа қоныс иелері атанды.

Ахметжан Есімов ең алдымен жиналғандарды алда болатын мерекелер- Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады. Әкім ҰОС-на қатысушыларға денсаулық пен баянды бақыт тіледі.

«Сіздердің Отан алдындағы жанқиярлық еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды. Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында Қазақстанда ардагерлерге деген құрмет пен қолдау шексіз. Ең бастысы Сіздер мен біздер Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алуға тиіспіз», - деді Ахметжан Есімов.

Қала әкімі екі жыл ішінде Алматыда 250 отбасының арендалық пәтерге ие болғандығын айтты.

Пәтерлер коммуналды тұрғын үй қорынан мемлекеттік бағдарлама аясында берілді.

Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні қарсаңында 80 отбасы пәтерге ие болмақ.

Жалпы, жыл басынан бері қарай мемлекеттен үй алу кезегінде тұрған 150 отбасы пәтер мәселесін шешті. Алматы қаласының Құрылыс басқармасы жыл аяғына дейін 250 арендалық пәтерді пайдалануға беретін болады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!