Биыл 60 адамға жасанды жүрек орнату көзделуде

Фотография - Биыл 60 адамға жасанды жүрек орнату көзделуде

Биылғы жылы Қазақстанда 60 адамға жасанды жүрек орнату көзделуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығында «Ағаш ексең өмірің ұзарады» атты акция барысында Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығының директоры Ю. Пя мәлімдеді

191 0

Биылғы жылы Қазақстанда 60 адамға жасанды жүрек орнату көзделуде. Бұл туралы бүгін Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығында «Ағаш ексең өмірің ұзарады» атты акция барысында Ұлттық ғылыми кардиологиялық орталығының директоры Ю. Пя мәлімдеді.

Юрий Пя болса, өзі басқарып отырған орталық дүниежүзіндегі маңдайлы 20 мединалық мекеменің тізіміне енгенін, ал  соңғы бір жарым жылдың ішінде 50 кісіге жасанды жүрек орнату отасы сәтті жасалғанын,  биыл 60 адамға ота жасалатынын тілге тиек етті.

Сондай-ақ, ол жүрек дертіне шалдыққан  емделушілердің орташа жасы 40-50 жасты құрап отырғанын, алайда соңғы жылдары бұл дерттің ушығуына байланысты жүрек ауруларына ересектермен қатар жасөспірімдер де шалдығып жатқаны күллі әлемді ойландырып отырғанын да айтты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!