Алматы облысында жалған жаттықтырушы ондаған баланы алдап соқты

Фотография - Алматы облысында жалған жаттықтырушы ондаған баланы алдап соқты

Алматы облысы Қаратал ауданында полицейлер бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларын алдап соққан Жамбыл облысының 32 жастағы тумасын ұстады

155 0

Алматы облысы Қаратал ауданында полицейлер бірнеше білім беру мекемесінің оқушыларын алдап соққан Жамбыл облысының 32 жастағы тумасын ұстады.

Алаяқтық сызбасы қарапайым болған - ер адам мектепке келіп, өзін каратэ, бокс, кунг-фудан жаттықтырушы ретінде таныстырған және оқушыларға өзінің қызметтерін ұсынған. Сенімге кіріп, мектеп әкімшілігінен жаттығу үшін спорт залын немесе мектеп стадионын сұрап отырған.  Одан кейін, көрсетілімдік жаттығуды ұйымдастырып, оқушылардан алдын ала төлем - 1600 теңгеден жинап алып, ізін суытып отырған.

Істің материалдарында балалары каратэден спорт секциясына баруды жоспарлаған ауданның бес тұрғынының арыздары бар.

Шұғыл мәліметтерге сәйкес, күдікті осы сызбамен аудандағы бірнеше кентте болған.

Тергеу жалғасуда. Полицейлер спорттық бірлестіктерге және Алматы облысының аудандық білім беру бөлімдеріне ресми сұрау жолдады. Ұсталған азаматқа қатысты тұтқынға алу бұлтартпау шарасы қолданылды. Ол бұған дейін Алматы қалысының маңындағы жер учаскелерін сату-сатып алумен байланысты алаяқтығы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!