Дін қызметкерлері қан тапсырды

Фотография - Дін қызметкерлері қан тапсырды

Алматы қаласында Республикалық қан орталығының сұранысына сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Алматы орталық мешітінің имамдары мен жамағаттары қан тапсырды

171 0

Алматы қаласында Республикалық қан орталығының сұранысына сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Алматы орталық мешітінің имамдары мен жамағаттары қан тапсырды,-деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

 

Қан орталығының қызметкерлері емханалардағы балаларға қан қажеттілігі туындайтынын ескере келе ҚМДБ-ның қызметкерлеріне, дін өкілдеріне осындай игі шараға атсалысуды ұсынған болатын. Оған ҚМДБ толығымен келісіп, өз тараптарынан барынша атсалысатындарын жеткізді.

Кеше Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің ұйымдастыруымен ҚМДБ ғимаратының жанына Республикалық қан орталығының қызметкерлері келіп, дін қызметкерлерінен және жалпы жамағаттан лайықты мөлшерде қан алуды бастап кетті. Діни басқарма қызметкерлері, мешіт имамдары сондай-ақ жамағаттар да белсенді түрде атсалысып жатыр.

«Игі бастама одан әрі Алматы қаласындағы бірнеше аудандық мешіттерде жалғасын табатын болады», - деді Нұрбек қажы Есмағанбет.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!