Қазақстандық сарбаздың мүрдесі Отанына жеткізілді

Фотография - Қазақстандық сарбаздың мүрдесі Отанына жеткізілді

Ресейлік ізшілдер бұған дейін жерленген орны белгісіз болып келген қатардағы жауынгер Жұмабек Нүркеновтің мүрдесін тапты

222 0

Ресейлік ізшілдер бұған дейін жерленген орны белгісіз болып келген қатардағы жауынгер Жұмабек Нүркеновтің мүрдесін тапты.

Бұл туралы қазақстандық сарбаздың мүрдесін Отанына жеткізуді ұйымдастырған ENRC компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Қатардағы жауынгер Нүркеновтің мүрдесін Боровичи қаласының «Звезда» ізшілдер жасағы 2012 жылғы 27 қыркүйекте Новгород облысының Софронково шатқалы маңынан тапты. Сарбаздың медальонының сақталуының арқасында оның Павлодар облысының Қашыр ауданынан Максим Горький аудандық әскери комиссариаты арқылы шақырылғаны белгілі болды. Мұрағат құжаттарындағы ақпарат бойынша Жұмабек Нүркенов 1902 жылы туған, ал 1943 жылғы 2 қаңтарда қаза болған. Оның жерленген жері бүгінгі күнге дейін белгісіз болып келді.

Ұлы Отан соғысының сарбазын «Орлытөбе» кедендік бекетінде салтанатпен қарсы алды. Шекарада жауынгердің мүрдесі салынған контейнерге Кеңес Одағының жалауы жабылды. Ізшілдердің айтуынша, бұның үлкен мәні бар, өйткені Рейхстаг  төбесіне тігілген нақ осы кеңестік  жалау соғыстың аяқталғанын білдірген болатын.

«Біртұтас Ресей жас гвардиясы» ұйымының белсенділері мүрдені қазақстандық әскерилерге салтанатпен тапсырды. Қазақстан жағында Қызыл тудың үстіне тәуелсіз және егемен мемлекеттің символы - ҚР Жалауы жабылды. 202-ші атқыштар дивизиясының жауынгеріне соңғы құрмет көрсету үшін оның ауылдастары мен көршілес аудандардың тұрғындары келді.

72 жыл өткеннен кейін Жұмабек Нүркеновтің туыстары Батырды өзі туып-өскен Тереңкөл ауылында жер қойнына береді. 6 мамырда қызармияшының жерлестері осында еске алу митингісін өткізеді.

Қызылармияшы Жұмабек Нүркеновтің мүрдесін Отанына қайтару миссиясын «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ-да құрылған «Майдан жолы» ізшілер жасағы өз мойнына алды.

Өткен жылы осы компанияның президенті Алмаз Ибрагимовтің қолдауымен «Майдан жолы» ізшілдері Қашыр ауданының тумасы - Солтүстік-Батыс майданның сарбазы Жұмабай Бектұрсыновтың мүрдесін Отанына жеткізген болатын. Онда қазақстандық жауынгерді кировтық «Фронт» жасағы Старая Русса қаласының маңындағы орман ішінен тапқан болатын. Оны жерлеу рәсімі Луговое ауылында құрметпен өткен еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!