Қазақ тілінің біріктіруші тіл екенін өзге ұлт өкілдеріне жеткізе білу керек

Фотография - Қазақ тілінің біріктіруші тіл екенін өзге ұлт өкілдеріне жеткізе білу керек

Қазақстан халқын біріктіретін тіл - қазақ тілі. Осыны өзге ұлт өкілдеріне түсіндіріп, жеткізу керек. Бүгін Астанада өткен «Бір тіл - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Тілдер және аударма ісі» кафедрасының профессоры Назигүл Төленбергенова осы мәселені ерекше атап өтті

175 0

Қазақстан халқын біріктіретін тіл - қазақ тілі. Осыны өзге ұлт өкілдеріне түсіндіріп, жеткізу керек. Бүгін Астанада өткен «Бір тіл - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы «дөңгелек үстелде» ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Тілдер және аударма ісі» кафедрасының профессоры Назигүл Төленбергенова осы мәселені ерекше атап өтті.

«Бұл жұмыс мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік ізденістерін қажет етеді. Оған лингвист-ғалымдар белсене қатысуы тиіс», - дейді Н.Төленбергенова. Оның айтуынша, бүгінде қазақ тілін академиялық оқытудан гөрі кәсіби тұрғыда үйрету керек. Сонда өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді тез меңгеріп кете алады. «Мәселен, Астанада өткен бір жиында өзге ұлт өкілдері грамматикадан бұрын қазақ тілінде сөйлеуді үйренсек деген тілектерін жеткізді. Бізде хан-билердің сөйлеген сөздері бар емес пе? Сөйлеу қазақтан қалған. Шешендік өнеріміз де бай. Соны әдістемеге түсіріп, аудиторияға жеткізуге болады ғой. Өзге ұлт өкілдері осыны сұрайды», - деп атап көрсетті профессор.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!