.Биыл Қызылордада 270 жас отбасы баспаналы болады

Фотография - .Биыл Қызылордада 270 жас отбасы баспаналы болады

 Биыл Қызылордада 270 жас отбасы баспаналы болады. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жастар мәселелері жөніндегі облыстық кеңес отырысында мәлімдеді

241 0

 Биыл Қызылордада 270 жас отбасы баспаналы болады. Бұл туралы қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жастар мәселелері жөніндегі облыстық кеңес отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

2005-2012 жылдар аралығында Қызылорда қаласында мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлерге 239 жас отбасы қоныстанды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша бір жылдың өзінде, яғни биыл 270 жас отбасыны тұрғын үймен қамту мүмкіндігі туып отыр.

«Бүгінде «Қолжетімді баспана–2020» бағдарламасы жастардың зор қызығушылығын тудыруда. Осы жылдың І тоқсанының өзінде 357 жас отбасы баспаналы болуға ниет білдірді. Егер бағдарламада көрсетілген өлшемдерге сай келіп, құжаттары түгел болған жағдайда биыл аталмыш отбасылардың 75 %-дан астамы тұрғын үймен қамтылатын болады», - деді қала әкімі Н. Нәлібаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!