Өлгендер санатында жатқызылған қыз 5 жыл өте табылды

Фотография - Өлгендер санатында жатқызылған қыз 5 жыл өте табылды

2008 жылдың қараша айында Павлодар полициясына жергілікті тұрғын 7 оқитын қызының қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлайды

135 0

 Бірнеше жыл бұрын жоғалып кеткен павлодарлық қыз Астанадан табылды, деп хабарлайд облыстық ІІД.

2008 жылдың қараша айында Павлодар полициясына жергілікті тұрғын 7 оқитын қызының қазан айынан бері із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлайды. Қызға іздеу жарияланады.

Іздестіру шаралары нәтиже бермеген соң, 2010 жылы құқық қорғау органдары қызды өлтіріп кетті деген болжам бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Арада 5 жыл өткен соң, биылғы жылдың 27 сәуірінде қыз Астана қаласынан табылып, Павлодарға, шешесіне жөнелтілген көрінеді. Қыздың айтуынша, ол 2008 жылы құрбыларымен "Астананы көру үшін" жолға шығады. Елордаға келіп, қаланы аралап көрген соң, қыздың кері қайтқысы келмеген. "Бұнда пәтер жалдадық, уақыт өте келе жұмысқа тұрдық", деген ол.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!