Павлодарлық полицейлер Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелік іс-шарамен атап өтті

Фотография - Павлодарлық полицейлер Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелік іс-шарамен атап өтті

Өткен демалыс күндері Павлодар облыстық ІІД-де Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар болып өтті, деп хабарлады аталмыш ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

252 0

Өткен демалыс күндері Павлодар облыстық ІІД-де Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар болып өтті, деп хабарлады аталмыш ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Дәстүрге сай, мереке қарсаңында 35 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды.

«Арнайы форма киетін адамдар үшін ант беру рәсімі қастерлі де қасиетті ұғым. Антты жүрек қабылдайды, ал оны сана-сезім сақтап тұрады. Ант қабылдау дегеніміз - ішкі істер органдарының қызметкерлері Конституцияда белгіленгендей, ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, қоғамның тыныштығын сақтауға серт беруі деген сөз. Ант берген сәттен бастап полиция қызметкері мемлекеттің адамы болады, ол енді өзіне емес, қызметіне ғана тиесілі», - деді ІІД бастығы, әділет генерал-майоры Сұлтан Құсетов.

Осы күні полицейлер қызмет барысында қаза тапқан әріптестеріне арналған мемориал тақтаға гүл шоқтарын қойды.

Ал салтанатты концерттік шарада Отан соғысы мен еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар табыс етілді. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!