15 мамырда елордада кеме жүзу маусымы ашылады

Фотография - 15 мамырда елордада кеме жүзу маусымы ашылады

Астанада Есіл өзенінде кеме жүзуінің ашылуы 15 мамырға жоспарланған. Ашылу салтанаты үрмелі оркестрдің концертімен сүйемелденеді, - деп хабарлайды қала әкімдігінен

130 0

 Астанада Есіл өзенінде кеме жүзуінің ашылуы 15 мамырға жоспарланған. Ашылу салтанаты үрмелі оркестрдің концертімен сүйемелденеді, - деп хабарлайды қала әкімдігінен

Елорда тұрғындары мен қала қонақтары қайықпен немесе кемемен серуендеп, салқын судың лебімен демалып қана қоймай, Астанның сәулетімен де кеңінен танысуына болады.

Бүгінгі күні кеме серуенінің бағдары Есіл өзенінде 9,4 км жетті, - деп хабарлайды astana.kz сайтына «Есіл-Астана» МКҚК.

Кәсіпорын флотында бүгінгі күні сегіз кеме бар. Олардың ішінде 60, 30, 32 және 45 адам сиятын 5 жолаушылар кемесі бар. Және сүйрейтін кеме мен құтқару қайық алынған.

Қазіргі сәтте елордада үш жағажай айлағы жұмыс істейді. Олар: «Жалпықалалық парк», «Шұбар», «Жыл мезгілі» және 3 жүзуші дебаркадера «Самал», «Кенесары», «Редиссон» болып табылады.

Кәсіпорнының мәліметі бойынша, бір реттік жүру тарифі, ересектер үшін 700 теңге, 7 жас пен 16 жас аралығындағы балалар үшін 350 теңге көлемінде белгіленген.


Тегтер:

астана

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!