Таразда көкпардан республикалық турнир өтуде

Фотография - Таразда көкпардан республикалық турнир өтуде

Тараз қаласында ұлттық ойын көкпардан өтіп жатқан республикалық турнир ҚР спортын дамытуға еңбек сіңірген, жамбылдық «Әулиеата» көкпар клубының негізін қалаушы Наби Момыновты еске алуға арналды.

245 0

Тараз қаласында ұлттық ойын көкпардан өтіп жатқан республикалық турнир ҚР спортын дамытуға еңбек сіңірген, жамбылдық «Әулиеата» көкпар клубының негізін қалаушы Наби Момыновты еске алуға арналды.

Жоғарғы лигаға еліміздің мықты деген көкпаршылары жиналды. Енді үздік құрама атағына Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Жамбыл облысының көкпаршылары таласатын болады.

Бауыржан Момышұлы атындағы ат алаңына алғаш болып, Шымкент және Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданының командасы шықты. Мұндай ауқымды жарысқа бірінші рет қатысқан байзақтық спортшылар үшін ойын оңайға түскен жоқ. Есеп 0-7, шымкенттіктердің пайдасында. Ал Алматы мен жамбылдық «Әулиеата» клубы арасындағы ойын тартысты өтті. Бастапқы минуттарда-ақ басымдыққа ие болған Әулиеата жерінің спортшылары 12-2 есебімен қарсыластарын ойсырата жеңді.Облыстық спорт басқармасы басшылығының айтуынша команда мұндай жарыстарда жетістікке біраз уақыттан бері қол жеткізіп келеді. Облыс құрамасы бұған дейін жақсы көкпаршыларды қаржының тапшылығынан жоғалтып келсе, қазір жағдай біршама түзелген, жалақы бюджеттен төленеді дейді.

Көкпаршылардың айтуынша, ат спортында жеңіске жету үшін тек шабандоздың шеберлігі ғана емес, көп нәрсе атқа да байланысты. Ал көкпарда аттың мықтылығы жеңіске жетудің бірден бір кепілі.

Айта кету керек, соңғы жылдары ұлттық ойын көкпарға айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Қаржыландыру үшін бюджеттен қомақты қаражат қарастырылуда. Ұйымдастырушылардың сөзіне сүйенсек, алдағы уақытта бірден бірнеше ел кіретін Халықаралық көкпар федерациясы құрылмақ.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!